08
сәуір
2019
Дені саудың - жаны сау
Бүгін 2019жылдың сегізінші сәуірінде, «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебінде», «Дені саудың – жаны сау» атты іс – шара өтті. Іс – шараны кітапханашы Стаева Лаура өткізді. Бұл шара, Стаеваның өткізіп жүрген іс- шараларынан ерекше болган себебі, жарыс ретінде өткендігі, нағыз қазіргі жастарға керекті мағлұматтардың болғандығы, және іс- шара барысында мектеп медбикесі Арапбай Анипа денсаулыққа зиянды әрекеттер туралы доклад оқыды. 9 – 10- сынып оқушылары қатысқан бұл шара,екі топқа бөлініп, өте қызықты, тартысты өтті. Бұл шараның мақсаты: оқушылырға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екенін түсіндіру, өркениетті елімізге лайықты, зиянды әрекеттерге қарсы күресетін, білімді тұлға тәрбиелеу.
Оқушылар өте жақсы атсалысып, топпен жұмыс жасай білді, өздері де, өзгені де темекі мен ішімдіктің денсаулыққа зиянды екенін сендірді.
- Топтар атымен,ұранымен,эмблемаларымен таныстырды.
- Жазған рефераттарын оқып, қорғады.
- Денсаулыққа қатысты логикалық сұрақтарға жауап берді.
- «Зиянды әдеттерден аулақпыз» дей отырып, 1- топ «Темекі тартудың зияны», 2-топ «Ішімдіктің ағзаға зияны» тақырыбына байланысты сурет салып әкеліп,қорғады.
- Денсаулыққа байланысты өлеңдер оқылды. Осы жерде айтып кетер жайт өлеңдер өте әсерлі, мәнермен оқылды. Және де 10-сынып оқушысы Алихан Әсел сол жерде 2 шумақ өлең шығарып айтып кетті.
- «Сен маған-мен саған» денсаулық тақырыбында мақал-мәтел айтып жарысты.
- Ішімдіктің және темекінің ағзаға зияны туралы видеороликтер көрсетілді.
- Ойын ретінде оқушылар шарды жарылғанша үрледі. Соның өзінің денсаулыққа пайдалы екенін, дене тәрбиесімен ардайым айналысу керектігі айтылды.
- «Жүректен – жүрекке», оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп,жақсы тілектерін айтты.
Оқушылар өте жақсы атсалысып, топпен жұмыс жасай білді, өздері де, өзгені де темекі мен ішімдіктің денсаулыққа зиянды екенін сендірді.