Аттестация кемшіліктерін жою » «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шымкент қаласы білім басқармасының
«№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (778) 029-79-44
Есепші бөлімі:
+7 (778) 029-79-44
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
желтоқсан
2022

Аттестация кемшіліктерін жою

    Аттестация кемшіліктерін жою есебі:  118kkbla-kemshlkterd-zhoju-eseb.pdf [3,89 Mb] (cкачиваний: 25)
Посмотреть онлайн файл: 118kkbla-kemshlkterd-zhoju-eseb.pdf

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2022 жылғы екінші жартыжылдыққа арналған мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізбесі негізінде, 2022 жылғы 09 – 15 желтоқсан күндері аралығында Шымкент қаласы білім басқармасының «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (бұдан әрі мектеп) мемлекеттік аттестаттау жүргізу барысында мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының бірқатар  талаптары бұзылғандығы  анықталып, мектепке берілген кемшіліктерді жою туралы ұсынымға сәйкес төмендегі жұмыстар атқарылды:

  1. Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

1)

Мекеменің толық атауы.

Шымкент қаласы білім басқармасының «№118 Көкбұлақ жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

2)

Білім беру ұйымының орналасқан жері(заңды мекен-жайы және нақты орналасқан жерінің мекен жайы).

160033,Шымкент қаласы, Абай ауданы,Көкбұлақ тұрғын үй алабы,ғимарат №19

3)

Заңды тұлғаның байланыс деректері(телефон, электрондық почта, web – сайт).

8(7252)28-43-39,kokbulak.mektep118@mail.ru,  http//118.shymkent.edu.kz

4)

Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері(басшының Т.А.Ә., лауазымға тағайындау туралы бұйрық).

Әбу Қалмұрат Әбенұлы, Шымкент қаласыбілім бөлімінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №31 – К бұйрығы

 5)

БСН: 001240001641, Алғашқы мемлекеттік тіркелген күні 13.12.2000жылы. Қайта тіркелген күні 05.09.2018жылы.



  1. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жаңартылған мазмұнына қойылатын талаптар

1)

Білім беру ұйымының жылдық жұмыс жоспарының болуы және МЖМБС талаптарында айқындалған орта білім берудің базалық құндылықтарына , мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі (бағаланатын кезеңге жылдық жұмыс жоспарларының көшірмелері қоса тіркеледі).


2022 – 2023 оқу жылына арналған жылдық жұмыс жоспары: 22-23o-zh-ou-zhmys-zhospary.pdf [2,75 Mb] (cкачиваний: 19)
Посмотреть онлайн файл: 22-23o-zh-ou-zhmys-zhospary.pdf


2)

Білім беру ұйымының басшысымен бекітілген жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің болуы және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 болып тіркелген) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларына (бұдан әрі – ЖББҮОЖ) және МЖМБС талаптарына сәйкестігі. Бағаланатын кезеңге жұмыс оқу жоспары мен сабақтар кестелерінің көшірмелері қоса беріледі.

2022-2023 оқу жылына арналған жұмыс оқу жоспары  мен сабақтар кестелерінің көшірмелерінен кетірілген келесі қателіктер мен  кемшіліктер бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:


Kundelik.kz электрондық порталында   9 «Ә,А» 10, 11 «Ә,А» сыныптардағы «Зайырлық дінтану», «Кәсіптік бағдарлама негіздері» пәндерінің орнына «Жаһандық құзіреттілік» болып өзгертілді.


Сонымен қатар , мектеп директорының қолымен бекітілген қағаз жүзіндегі сабақ кестесінде көрсетілген пән атаулары үлгілік  оқу жоспарындағы пән атауларымен сәйкес емес болған: «Орыс тілі» пәні «Орыс тілі мен әдебиеті»  болып, ал «Алгебра» болып көрсетілген пән «Алгебра және анализ бастамалары болып өзгертілді.

Сондай-ақ,  сабақ кестесінде бір күнде қосарланып қойылған сағаттар түзетілді. Атап айтсақ, 1 «Ә,А» сыныптарында «Әліппе» пәні, 5 «Ә,А», 6 «Ә,А» сыныптарында «Көркем еңбек» пәні  ретке келтірілді. 

Вариативті компоненттен бөлінген сағаттарға қағаз жүзінде арнайы сабақ кестесі құрылды. 2 «Ә» сыныбында «Математика және логика» пәні, 3 «А» сыныбында «Математика күнделікті өмірде» пәндері соңғы сабақтарға қойылды. 

  Сабақ кестесі:  saba-ketes.pdf [605,08 Kb] (cкачиваний: 17)
Посмотреть онлайн файл: saba-ketes.pdf

5)

Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығындасабақтан тыс іс-әрекеттің түрлі нысандарын ұйымдастыру (бағаланатын кезеңге қосымша сабақтар кестелерінің көшірмелері, сонымен қатар спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдер мен байқауларға қатысуының нәтижесі қоса беріледі.

 Спорттық, шығармашылық және мәдени конкурстарға, жарыстарға, фестивальдер мен байқауларға қатысуының нәтижелері жүктелді: 

8)

ЖББ ҮОЖ сәйкес жүзеге асырылатын вариативті компоненттің факультативтері мен таңдау курстарын іске асыру(бағаланатын кезеңге вариативтік компонент сабақ кестелерінің көшірмелері,сонымен қатар зияткерлік олимпиадалар мен конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі).

Вариативті компонент есебінен бөлінген сағаттарға арнайы сабақ кестесі бекітілді, сонымен қатар, электронды журнал сабақ кестесіндегі 9,10,11 сыныптарға берілген «Зайырлық дінтану», «Кәсіптік бағдарлама негіздері» атауымен көрсетілген пәндерінің орнына «Жаһандық құзіреттілік» болып өзгертілді.  Сабақ кестесі


2022-2023 оқу жылындағы оқушылардың зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға қатысқан тағы 98 оқушының жетістіктері  салынды. Оқушылар жетістіктері:


9)

«Өмір қауіпсіздігінің негіздері» міндетті оқу курсын зерделеу.

« Өмір қауіпсіздігінің негіздері» курсы 1-3 сыныптарда дүниетану пәніне 6 сағаттан, 4 сыныптарда дүниетану пәніне 10 сағаттан, 5-9 сыныптарда  дене шынықтыру курсы аясында 15 сағат және 10-11 сыныптарда «АӘ және ТД»  оқу курсының аясында 12 сағаттық оқу жүктемесімен кіріктірілді.

10)

«Жолда жүру ережелері» міндетті оқу курсыніске асыру.

Электронды журналда «Жолда жүру ережелері» оқу курсының мазмұны 1-4 сыныптарда әрбір сыныпқа 6 сағаттан тәрбие сағаттары есебінен сынып жетекшілері жылдық жұмыс жоспары тақырыптарына кіріктірілді.

Кемшіліктер жойылып, талаптарға сәйкестендірілді.

11)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 17 маусымдағы  №391 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерд тізілімінде №11716 болып тіркелген) білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын жәнеоларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін (бұдан әрі – біліктілік талаптарын) сақтау. Біліктілік талаптарының сақталуы бойынша барлық растайтын құжаттары (жабдыққа арналған жүк құжаттардың және/немесе бухгалтерлік есептілік деректерінен негізгі құралдардың тізбесі көшірмелері), осы өлшем шарттардың10,11,12,13,14,17- қосымшаларына сәйкес толтырылған кестелер, оның ішіндежалпы білім беру ұйымы бойынша оқу және оқу-зертханалық жабдықтар мен жиһаздардың болуы жөніндегі бейнематериалдар қоса беріледі.

Мектептегі пән кабинеттеріне арналған жиһаздар мен жабдықтар, санитарлық тораптар(унитаздар, қол жуғыштар), пандус,жаңа үлгідегі химия, биология, физика кабинеттері мен олардың зертханалары жайлы:

"118 Көкбұлақ ЖОББМ". АӘД кабинеті. https://youtu.be/nPWHDVo9NAI 

"118 Көкбұлақ ЖОББМ". Дайындық тобы кабинеті. https://youtube.com/shorts/8Yi-zBqjzcY?feature=share 

"118 Көкбұлақ ЖОББМ". Мектеп кабинеттері. https://youtu.be/W-wZtos2Qt8 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". Үйірме сабақтан үзінді. Домбыра. Әлімбай Ғани. https://youtu.be/0vzMSOy3l4M 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ".Физика. Зертханалық жұмыс. 9-сынып. Қаныбек Данабек. https://youtu.be/cY2zsud8n7w 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". Биология. Зертханалық жұмыс. Шаханова Ұлжан. https://youtu.be/41wCZ65f1es 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". Физика кабинеті және физика зертханасы. https://studio.youtube.com/video/rlsWu8nPGfE/edit 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". Биология кабинеті және биология зертханасы. https://youtu.be/e69WUhAUE80 

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". "Шебер қолдар" үйірмесінің жұмыстары. Жетекшісі: Чиналиева Динара. https://youtu.be/kTyQo0QK2BU 

"№118Көкбұлақ ЖОББМ".Мектептің сыртқы және ішкі жалпы көріністері. Әжетхана,турникет,кабинеттер т.б. https://youtu.be/BLoIqNTujjc  

Суреттер

"№118 Көкбұлақ ЖОББМ". Медициналық және логопед кабинеті. https://youtu.be/r2R3EhgLnTw 

ақпараттардың фотолары мен бейнероликтері мектеп сайтына жүктелді: Мектеп кабинеттері

Сонымен қатар асхананың  қызметкерлері туралы мәлімет , олардың құжаттары, санитарлық кітапшалары, және де алынған тауарлар мен жеміс жидектердің және көкөністердің сертификаттарының көшірмелері мектеп сайтына салынды: Асхана қызметкерлері туралы мәлімет 


Тауар сертификаттары



  • Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:

1)

ЖБП үлгілік оқу бағдарламалары мен МЖМБС талаптарына сәйкес тиісті білім беру деңгейінің әрбір білім беру саласы (және оқу пәндеріне) бойынша білім алушылардың дайындық деңгейі (оқытудан күтілетін нәтижелер) (білім алушыларды қорытынды аттестаттау хаттамаларының, сондай-ақ ЖББ ҮОЖ инвариантты компоненттерінің әрбір оқу пәні бойынша бір бейне материал қоса жіберіледі).

Инварианттық компонент сабақтарын  талдау барысында ұсынылған бейнеконтентте жіберілген кемшіліктер бойынша төмендегідей жұмыстар атқарылды:

  • бастауыш сыныптар бойынша1-4  сыныптардың барлық пәндерден бейнесабақтар жүктелді. Атап айтқанда:

Абуова Ж. 3 - сынып. Цифрлық сауаттылық. Сабақтың тақырыбы: "Word мәтіндік редактор". https://studio.youtube.com/video/mrDbSnCClKc/edit

Алиева Жанат Абдиманаповна. 4-сынып.Орыс тілі. Тақырыбы:"Семицветный полукруг из семи широких дуг". https://youtu.be/phYZiveCRX0

  • 5-9 сыныптарда міндетті түрде өтетін пәндерден бейнесабақтар жүктелді. Атап айтқанда:

Сабирова Лаура. 5-сынып. Жаратылыстану. Тақырыбы: "Материктер мен мұхиттар". https://youtu.be/MmR9KSutSYM

Исмайлова Ж.9-сынып.Дүниежүзі тарихы.Тақырыбы: "Араб көктемінің себептері мен салдары қандай болды". https://youtu.be/HcftVbFxe_U 

Исмайлова Ж. Қалалық тәжірибелік семинар. 7-сынып. Отандық әдебиеттерді тарих сабағында қолдану. https://youtu.be/XDJIVTpmLvs 

Аманкулова Айнұр Абдулхасанқызы. 5-сынып.

Дүниежүзі тарихы. Тақырыбы: "Терракот әскері Ежелгі Қытай туралы қандай ақпарат береді". https://youtu.be/-aVukzDD_4s

Сәрсенбек А. 9-сынып. Геометрия. Сабақтың тақырыбы: "Үшбұрыштарды шешу". https://youtu.be/j4dsTO1Ld4I

  • 10-11 сыныптарда алгебра және анализ бастамалары пәнінен  бейне материал жүктелді:

Оңғарбаева Н.11-сынып.Алгебра және анализ бастамалары.Тақырыбы:"Сан логарифмі және оның қасиеттері".https://studio.youtube.com/video/k2uwabh7c08/edit

Кемшіліктер жойылып, талапқа сәйкес ретке келтірілді.

2)

2,3,4-сыныптар үшін оны орындау мүмкіндігін ескере ортырып (астрономиялықсағаттарда) үй тапсырмасына қойылатын талаптарды сақтау.

2,3,4-сыныптарда білім алушылардың үйге орындауға берілген тапсырмалардың көлемі Kundelik.kz электрондық журналының үй тапсырмасы бөлімінде берілгендіктен  Kundelik.kz электрондық порталында төмендегідей кемшіліктерді жою бойынша жұмыстар атқарылды:

1-сыныпқа берілген үй тапсырмасы және уақыты     алынып тасталды. 2,3,4 сыныптарда үй тапсырмасының асып кеткен уақыттары түзетілді. Атап айтқанда , 2-сыныптарда 14 қараша күні 74 минут, 15 қараша күні 63 минут, 16 қараша күні 62 минут, 17 қараша күні 65 минут болса, 3-сыныптарда 15 қараша күні 86 минут,17 қараша күні 86 минут, 4-сыныптарда 11 қараша күні 84 минут, 15 қараша күні 91 минут, 18 қараша күні 89 минут артығымен қойылғандар 50 минут болып түзетілді.

Кемшіліктер жойылып, талапқа сәйкестендірілді.

3)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы №52 бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №13137 болып тіркелген) білім алушылардың білімін бағалау өлшемшарттарына сәйкес білім алушылардың оқу жетістіктерінбағалауды жүзеге асыру қалыптастырушы және жиынтық бағалауталаптарын сақтау.

Электронды сынып журналдарын талдау барысында анықталған төмендегі кемшіліктер жойылды:

  • Информатика пәні бойынша пән мұғалімі Абуова Ж. 10 сынып оқушылары А. Құрасбек және Б. Раимға 1-тоқсан қорытынды ұсынылған  бағасы «4» 65 % -ды құрағанмен қолмен қою кезінде «3» бағасын қойғанды «4» етіп түзетілді.  
  • Пән мұғалімі     Аманқұлова  А.  Дүниежүзі пәні бойынша 5 «А» сыныптан 26.10.2022ж. ББЖ алып kundelik.kz электрондық журналында қоймаған бағасын қойып шықты.
  • 3 «ә» сыныбында математикадан 1-ші тоқсанда  1 БЖБ ғана көрсетіліп 2-БЖБ енгізілді.

Кемшіліктер жойылып, талаптарға сәйкес ретке келтірілді.



Мектепалды даярлық топтары бойынша:


2. Оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар.

3)

МДТО үлгілік оқу бағдарламасына     сәйкес баланың өмірін қорғауды және денсаулығын нығайтуды қамтамасыз ететін пәндік-кеңістіктің  дамытушы орта құру (жалпы білім беру ұйымы бойынша мектеп жасына дейінгі баланың жеке, тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау туралы бейнематериалдар, сондай ақ жабдықтар мен жиһазға жүк құжаттардың көшірмелері қоса беріледі).

Білім беруді  ұйымдастыру үшін жалпы  мектеп жасына дейінгі баланың тұлғалық, зияткерлік, әлеуметтік және эмоционалдық дамуын қамтамасыз ететін жағдайларды жасау туралы бейнематериалдар, сондай ақ жабдықтар мен жиһазға шот-фактуралардың  көшірмелері, оның ішінде бекітілген тізімнің көшірмесі,қаржылық есеп берудегі активтер қоса берілді: mad-toby-ral-zhabdy-2023.pdf [252,22 Kb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: mad-toby-ral-zhabdy-2023.pdf

 Дайындық тобы кабинетінің бейне материялы сайтқа жүктелді: https://youtube.com/shorts/8Yi-zBqjzcY?feature=share  

7)

«Физикалық қасиеттерді дамыту», «Комуникативті дағдыларды дамыту», «Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту», «Балалардың шығармашылықдағдыларын, зерттеу іс-әрекетін дамыту», «Әлеуметтік эмоционалды дағдыларды қалыптастыру» дағдыларына негізделеген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оларды кіріктіру жолдарымен іске асыру.

«Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет! Білім беру салаларына негізделген мектепке дейінгі тәрбие  мен оқытудың мазмұнын түрлі іс-әрекеттерді ұйымдастыруарқылы олардыкіріктіру жолдары мен іске асыру(бағаланатын кезеңге перспективалық жоспар көшірмелері, сонымен қатар зияткерлік , спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері қоса беріледі).


Жіберілген қателіктер бойынша мектеп сайтына зияткерлік , спорттық, шығармашылық және көркемдік конкурстарға қатысу нәтижелері жүктелді:

 oushy-zhetstg_-roza-apaj.pdf [2,7 Mb] (cкачиваний: 15)
Посмотреть онлайн файл: oushy-zhetstg_-roza-apaj.pdf

oushy-zhetstg_altynaj-apaj.pdf [336,45 Kb] (cкачиваний: 8)
Посмотреть онлайн файл: oushy-zhetstg_altynaj-apaj.pdf

5. Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

1)

МЖМБС мен МДТО үлгілік оқу бағдарламасында анықталған әрбір білім беру саласы және әрбір ұйымдастырылған     оқу қызметі бойынша жас топтары бойынша меңгеруге тиіс игеруге жататын білім, білік, дағдылар мен құзыреттіліктердің көлемін игеру (МДТО ҮОЖ әрбір білім беру саласы бойынша ұйымдастырылған оқу қызметінің бір бейне материалы қоса беріледі).

Мектеп алды даярлық топтарында сабақ беретін 2 мұғалімнің мектеп сайтына даярлық сыныптардың білім беру салалары бойынша бейнематериялдары жүктелді, атап айтқанда:

Ақылбек Роза Төлбасықызы. Мектеп алды даярлық тобы. Математика.Ұйымдастырылған оқу қызметі: "Көңілді математика әлемі" атты бейнематериалы  https://youtu.be/IPrPYWEiRB8  және

Сұлтан Алтынай. Мектеп алды даярлық тобы. Математика. Тақырыбы: «Апта күндері» атты бейнематериалы сайтқа жүктелді. https://youtu.be/8FYoC8mIcFo


6.Оқу мерзіміне қойылатын талаптар

1)

Жас кезеңдерін сақтау және топтарды бірдей жастағы немесе әртүрлі жастағы принцип бойынша жинақтау (осы Өлшемшарттардың 9-қосымшасына сәйкес жас топтары тізімдерінің көшірмелері қоса беріледі).

Оқу жылының қыркүйек айына 5 жасқа толмаған ІлесбекҚымбат 27.092017ж, Молдабай Талшын 23.09.2017ж, Нышан Ибрахим 25.10.2017ж. Қабылданғандықтан олар Балабақшаға ауыстырылды.

Жіберілген кемшіліктер жойылып, талаптарға сәйкес ретке келтірілді.

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив